Oops, you are using an outdated browser. Please upgrade to a modern, fully supported version and open the landing page.

Көңіл көтеріп, ойыңа келгеніңді істе!

Әскери кемемен не істеуге болады? Шайқаста тексеріп көр! 20 шақырымға атқыла, торпеда жібер, шүйілтіп шабуылда, маңдайдан соқ, тұтқиылдан пер, торуыл жаса — патша көңілің білсін! Тарихтағы ең қуатты әскери техниканы басқарып, рахатын көр!

Біздің ойыншылар үздік!

„Кемелер әлемі” бәріне ашық! World of Warships-ті 35 000 000-нан астам адам ойнап көрген. Олардың көбі жасақ құрамында шайқасады, кландарға бірігіп, кездесу ұйымдастырады. Бұл жерде мүдделес достарыңмен уақытыңды керемет өткізіп, жаңа достар табасың

Шексіз контент теңізі

Канонерлік қайықтардан бастап зәулім әскери кемелерге дейін — әйгілі кеме түрлерін бірінен соң бірін зерттеп, өз ойын стиліңе келтір. Жетілдіру мен жабдық, сигналдар, тулар және камуфляж арқылы кез келген кемені өз талғамыңа сай толықтай өзгертіп ала аласың

Алдамшы қарапайымдылық

World of Warships-те жеңіп шығу үшін керемет жылпос болу міндетті емес. Тіпті бір қолыңмен ғана ойнап, екінші қолыңмен шай ішіп отыруға болады. Бірақ стратегиялық қабілеті бар адамдар ғана үздік атанады. Теңіз шайқасының барлық қыр-сырын бір-екі сөйлеммен жеткізе алмайсың. Өзің көріп, өзің үйрен!

Жай ғана флот емес

Әскери кеме саған қызық емес боп көріне ме? Ал ғарыш кемесіне не дейсің? Бір тақырыпқа арналған, маусымдық PvP және PvE іс-шараларға қатысып көр! Мысалы, ғарыш кеңістігіне шығып, болашақ жұлдыз кемелеріне мініп шайқас, заманақырдан кейінгі әлемде тірі қалу үшін жанталас немесе тамұқтан шыққан ғаламдық зұлматқа тойтарыс бер!