WOWS Legends
Қазақ (Europe)
Yamato Yamato
Enterprise Enterprise
Belfast Belfast
Iowa Iowa
Bismarck Bismarck

Күн сайын жаңа белестерді бағындыр

Ауқымды әрі қайталанбас кемелер әлемінде 5 ойын режімі, 30-дан астам ерекше бағыт және 300-ден астам әскери кеме таба аласың. Кеме түрін, ұлтты, ойын стилін және мақсатыңды таңда. Басқа ойыншылармен немесе боттармен бәсекелес, достарыңды шақыр немесе жаңа командаластармен көңіл көтеріп, жеңіске жет.
Кездейсоқ шайқастар
„12-ге 12” форматында басқа ойыншылармен шайқас. Кездейсоқ шайқастар құнды марапаттар мен бағалы жауынгерлік тәжірибе беретіні сөзсіз.
Кландық шайқастар
Командада жұмыс істегенді ұнататын ойыншылар үшін маусымдық шайқастар. Өз стратегияларың мен тактикаларыңды іс жүзінде сынап, тиімділігін көрсет.
Дәрежелік шайқастар
Маусымдық рейтинг режімі. Мұнда дағдыларыңды дамытып, бағалы олжалар үшін өзіңе тең қарсыластармен бәсекелесе аласың.
Сценарийлер
Жетілдірілген PvE режім. Базаны қорғау, конвоймен бірге жүру, тасымалдаушыны құтқару сияқты тапсырмалар орындайсыз.
Кооперативтік шайқастар
Жасанды интеллектке қарсы шайқас. Жаңа карталар мен кемелеріңді сынап, дағдыларды пысықтауға арналған режім.

Су астында, су бетінде және тіпті ғарышта да шайқас!

Battleship
Cruisers
Aircraft
Destroyers
Submarines
Belfast Yamato Bismarck Iowa Bismarck
Жай ғана флот емес

Әскери кеме саған қызық емес боп көріне ме? Ал ғарыш кемесіне не дейсің? Бір тақырыпқа арналған, маусымдық PvP және PvE іс-шараларға қатысып көр! Мысалы, ғарыш кеңістігіне шығып, болашақ жұлдыз кемелеріне мініп шайқас, заманақырдан кейінгі әлемде тірі қалу үшін жанталас немесе тамұқтан шыққан ғаламдық зұлматқа тойтарыс бер!

Біздің ойыншылар үздік!

„Кемелер әлемі” бәріне ашық! World of Warships-ті 35 000 000-нан астам адам ойнап көрген. Олардың көбі жасақ құрамында шайқасады, кландарға бірігіп, кездесу ұйымдастырады. Бұл жерде мүдделес достарыңмен уақытыңды керемет өткізіп, жаңа достар табасың.

Алдамшы қарапайымдылық

World of Warships-те жеңіп шығу үшін керемет жылпос болу міндетті емес. Тіпті бір қолыңмен ғана ойнап, екінші қолыңмен шай ішіп отыруға болады. Бірақ стратегиялық қабілеті бар адамдар ғана үздік атанады. Теңіз шайқасының барлық қыр-сырын бір-екі сөйлеммен жеткізе алмайсың. Өзің көріп, өзің үйрен!

Сыйлықтар әр адымда

World of Warships жаңа ойыншыларға арнайы сыйлық, барлық ойыншыларға күн сайын сыйлық, мерекелер мен жаңартулар кезінде ірі сыйлықтар береді. Тікелей эфирлеріміздің көрермендеріне ерекше сыйлықтарымыз да дайын. Адамдарды бақытты ету үшін бізге ерекше себептер қажет емес — біз сыйлық жасағанды жақсы көреміз!

Ай сайын жаңартулар

World of Warships 2015 жылдың қыркүйегінде ашылғаннан бері сол бетінен таймай, ай сайын жаңа жаңартулар ұсынады. Сол себептен Warships әлемі ойыншылар үшін үнемі қызықты боп тұрады. Тұрақты даму — бұл біздің басты қағидамыз. Біздің кемелер әрқашан алға жүзеді!

КОМПЬЮТЕРІҢДЕ ТЕГІН ОЙНА
Join Us